Желіде Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараға қатысты жалған ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазнетте ҚР ҰҚК Шекара қызметінің формасындағы адамдардың суреті тарады. Онда суреттің БҚО-да түсірілгені және Ресеймен шекараны қорғау үшін қосымша күш тартылды деп жазылған.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!