- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Желіде сайлаудың қашанға...
Желіде сайлаудың қашанға дейін болатынын сұраған әйелдің аудиожазбасы хит болды
Фото:
pixabay.com
"Сайлау тек бүгін ғана бола ма?" Осылай деп сұраған әйелдің аудиожазбасы Желі қолданушыларын қыран-топан күлкіге батырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Көпшілікке позитив көңіл-күй сыйлаған әйелдің жазбасына желі қолданушылары "Сайлау айт сияқты үш күн болады ғой", "Сайлау наурыздың аяғына дейін", "Сайлау наурыздың аяғына дейін, сондықтан асықпаймыз" деп жауап қайтарып жатыр.
Осылайша, учаскеге біреуі диванмен, біреуі жартылай жалаңаш дауыс беруге келген бұл сайлау Желіде қызу талқыланып жатыр.
Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, қазақстандықтардың 54,19 пайызы мәжіліс және мәслихат сайлауында дауыс берді.
Баян Жанұзақова
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан