Telegram-да сайлау учаскесінде орнатылған бейнебақылау камерасынан алынған бейнежазба тарады. Кадрларда жиналғандардың төбелесіп жатқаны, осы уақытта бір адам жәшікке бюллетеньдер салып жатқаны көрсетілген. Алайда Stopfake.kz мәліметінше, кадрлар Қазақстанда түсірілмеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеода ол 20 қарашада қазақстандық сайлау учаскелерінің бірінде түсірілген деп жазылған. Бұл жазба Желіде 2018 жылы тараған. Ол Дағыстандағы сайлау учаскелерінің бірінде түсірілген.
Түпнұсқа видеода бұзушылықтар Махачкалада 1126 учаскесінде тіркелген деп жазылған
Демек, видеоның Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!