- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Желіде премьер-министр мен...
Желіде премьер-министр мен Үкімет мүшелері атынан жалған хабарлама тарап жатыр
Алаяқтар ҚР премьер-министрі мен Үкімет мүшелерінің атынан ақшалай көмек сұрап, хабарлама жіберіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Telegram және WhatsApp мессенджерлерінде ҚР премьер-министрі мен Үкімет мүшелерінің жалған парақшалары ашылды. Осылайша, алаяқтар банктің шектеу қоюына байланысты қаржылай көмек сұрап, хабарлама жіберіп жатыр. Олар фишинг сілтемелерін пайдаланады.
ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі өкілі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
"Бұл - жалған ақпарат. Оны интернет алаяқтар таратып отыр. Жалған ақпаратқа сенбеуге, қаражат аудармауға және күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырамыз. Құқық қорғау органдары алаяқтық әрекеттер жасап жатқан адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс істеп жатыр", - деді ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі өкілі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова