- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Желіде полицияға қатысты...
Желіде полицияға қатысты жалған ақпарат тарады
Фото:
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде полицияға қатысты жалған ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде бір топ адамдар жеке куәліктерді тексеру және биометриялық деректерді жинау үшін пәтерлерді аралап, өздерін ішкі істер органдарының қызметкерлері ретінде таныстыратыны туралы ақпарат тарады.
"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға БАҚ немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді қолдана отырып, көпе-көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз. Тек ресми дереккөздерге сеніңіздер", - деп хабарлады ІІМ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина