- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Желіде полиция қызметкерінің...
Желіде полиция қызметкерінің құқықбұзушыны қуып бара жатқан видео тарады
Желіде полиция қызметкерінің құқықбұзушыны қуып бара жатқан видеосы тарады. Ішкі істер министрлігі өкілдері оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"6 қазанда сағат 12.00-де Жаңаөзен қаласының патрульдік полиция қызметкерлері жалған мемлекеттік нөмірлермен жүрген Toyota Crown автокөлігін тоқтатты. Бұл дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша (Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Материал сотқа жіберілді", - деді ведомство өкілдері.
Сонымен қатар, қазір қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Заң бұзған қызметкердің іс-әрекетін тәртіптік комиссия қарастыратын болады.
Еске салайық, бұған дейін Желіде полиция қызметкерінің құқықбұзушыны қуып бара жатқан видеосы тараған еді. Lada.kz мәліметінше, қашып бара жатқан ер адам да полиция қызметкері болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек