Желіде өзге ұлттық жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызы қызу талқыға түсті. Қалыңдықты танымал әнші Альбина Шардарова ұзатқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында ұзату тойдың кадрларын бөлісті. Ол махаббаттың ұлтқа да, жасқа да қарамайтынын жазып, күйеу жігіттің өте білімді, ақкөңіл екенін жазған.
"Махаббат - ұлтқа да, жасқа да, басқаға да қарамайды…
Миллионның ішінен екеуі бір-бірін таңдады…
Қызымызға бақыт тілеп қояйық.
Күйеу жігіт өте білімді, ақкөңіл, күлімсіреп қалған жігіт екен.Махаббат деген күшті сезім ғой…
Екеуі де бақытты.Махаббат – жанның азығы. Махаббат сезімін өткермеген жүрек аш қасқырмен тең. Адамның тәні тамаққа қалай ынтықса, оның жаны да дәл солай махаббатқа ұмтылады. Кез келгеннің рухын күшейту үшін махаббат керек. (Ошо)" - деп жазған әнші.
Ал Желі қолданушылары өзге ұлт өкіліне ұзатылған қазақ қызын қызу талқыға салған.
"Болашақта ұлт деп бөлінбейді деп еді. Келе жатыр. Әйтеуір ер мен әйел қосылса қуанамыз. Бақытты болсын", "Альбинаның өзі қызды жігітке қимай тұрған сияқты ғой", "Қайдағы махаббат, таза есеппен ғой. Жігіт тым жылтыр екен", "Альбина ханым, ренжімеңіз, сіздің орныңызда болсам, ұзатуға келіспес едім, мың жерден бақытты болсын деп тілесеңіз де", "Ақылды, білімді қыздарымыздың бірі ғой. Алысқа кетпей, елімізде қалатын шығар", "Неге еврейге?", "Қыздарда намыс жоқ, Қазақстанда не бар сендерге, кетіндерші басқа елге, қазақтың жігіттерінің абыройын әбден түсірдіңдер ғой", "Түсініп та жатқан жоқ шығар біздің дәстүрді, түсінсе де бәрібір өз ұлтымыздай бола алмайды, өз ойым", "Бақытты болсын, тағдырынан көреді де, өз таңдаулары болып тұр ғой, шетелде білім алса сол гой, қазақы тәрбиеден кем қылмасын лайым басқаларын", "Өмірі қырықтан асқандарды ұзатып жүреді екенсіз", - деп жазған олар.
Тағы да оқи отырыңыздар: Шілде айында ауа райы қандай болады?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!