Әлеуметтік желіде бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов ұсталған сәт делінген сурет пайда болды. Суретте спортшының жол апаты салдарынан зақым келген көлігі көрінеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрдан қара түсті Toyota Land Cruiser 250 Prado көлігі айтарлықтай зақымданғаны байқалады. Суретке қарап, негізгі соққы көліктің алдыңғы сол жақ бөлігіне тигенін аңғаруға болады: бампері толық қираған, капоты қатты майысқан.
Айта кетейік, бүгін Астанада полицейлер екі бірдей жол апатына қатысы бар Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісін ұстаған еді.
Алдын ала мәлімет бойынша Toyota Land Cruiser жүргізушісі басқа көліктермен соқтығысып, кейін оқиға орнынан бой тасалаған. Ер адамнан масаңдық белгілері анықталған. Полиция тізгінде бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов болғанын растады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!