Әлеуметтік желілерде Назарбаев университетінің атауын өзгерту туралы фейк тарады, - деп хабарлайды Stopfakе.
Басылым мәліметінше, бұл фейк. Тараған ақпаратта келесі жылдан бастап ЖОО "Қазақ репетиторлық және эмиграция ұлттық университеті" деп аталатыны көрсетілген.
Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарған.
"Бұл фейк. Ақпарат шындыққа жанаспайды", - деді ведомство өкілдері.
Хабарламада "әлеуметтік ғылымдар деканы Шломо Рабби" туралы да айтылған. Шын мәнінде университетте мұндай қызметкер жоқ.
ЖОО-ның ресми сайтында Назарбаев университетінің жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебін ғылым докторы Гонсало Хортелано басқаратыны жазылған. 2023 жылы "Орталық Азиядағы алғашқы гендерлік зерттеулер зертханасының" ашылғаны туралы да ресми ақпарат болмаған.