Желіде ҚР Үкіметінде міндетті вакцинациялау туралы заң қабылданатыны туралы ақпарат тарады. Stopfake.kz мәліметінше, бұл - жалған ақпарат, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Қазнет қолданушылары Үкіметте жаппай вакцинация туралы заң қабылданатыны туралы ақпарат таратып жатыр. Мәтінде қарсы дауыс беру бойынша нұсқаулық берілген. Алайда, іс жүзінде Қазақстанда мұндай заң қабылдау жоспарда жоқ.
"КВИ қарсы вакцинация эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулар тізбесіне енгізілген. Бұл ретте егулер вакцина салдыратын адамдардың ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі", - деп хабарлады Денсаулық сақту министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұл ретте, ведомство өкілдері бүгінде міндетті профилактикалық егулер жүргізілетін аурулар тізбесін кеңейту жоспарда жоғын атап өтті.
Қазіргі кезде бірден бірнеше эндемикалық емес елде тіркеліп отырған маймыл шешегіне келетін болсақ, әзірге қазақстандықтар оған қарсы егілмейді.