Белгілі актер Дастен Шәкіров отбасы туралы әңгімелеп, неге бұл тақырыпты көп айтпайтынын түсіндірді. Ол бұл туралы "Менің өмірім" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жеке өмірім туралы неге сұхбат бермеймін? "Бақыт тыныштықты жақсы көреді" дейді. Мен үшін әрдайым бірінші орында - жанұям, әке-шешем, балаларым, жарым. Бұл өмірімді ешқашан жарыққа шығармаймын. Шығарғым да келмейді. Менің ойымша, Желіде мен туралы ақпарат жетеді. Жеке өмір дегеннің "жеке" деген сөзі бар, бір бөлік жеке өзіңде қалуы керек. Бәрін көрсеткенді аса ұнатпаймын. ...Жарыммен Алматыда таныстық. Содан кейін отбасын құрдық. Тәрбиесімен баурап алды. Әжесінің тәрбиесін алған", - деді ол.
Айта кетейік, Дастен Шәкіров - актер, тележүргізуші. Ол "Жаным", "Болашақ", "Жаужүрек мың бала", "Махаббатым жүрегімде" секілді сериал, фильмдерге түскен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!