Әлеуметтік желілерде тарап, кейін мемге айналған "чиви" дейтін видеоның авторлары "Қызық Times" бағдарламасының эфирінде бұл әзілдің шығу тарихы мен немен айналысатыны жөнінде айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ақша үшін жүрген бала" деген деген кино ғой. Байдың қызы болады, шіреніп қалған. Бір ай бойы кәдімгі қарапайым адамның өмірін сүреді. "Чивиге" келетін болсақ, сценарист ағайымыздың өзі сөйтіп жазды. "Чаевые" екенін біз де білеміз, "Прикол ретінде болып кетеді, чиви қылайық, сендер сөйтіп айтыңдар" деді. О баста бүкіл елге танымал мем болатынын білдік. Біз сөйтіп бастап кеттік. Бұл видео 2021 жылы жазда түсірілді", - дейді қыздар.
Қазір бұл видео YouTube-те 3,5 миллионнан астам қаралым жинапты, Түркістан облысы Ленгер қаласында түсірілген. Қыздардың айтуынша, фильм көбіне бір дубльмен түсірілген, "хлопушка" да болмаған.
Талшын Шымкенттегі Авиценна колледжінде "Стоматология" мамандығында, ал Әмина Астанадағы 52-мектептің 9-сыныбында оқиды. Олар желілердегі видеоға, киноларға түсуді хобби ретінде алып жүр. Оларды қазір көшеде, колледжде, мектепте көргендер "Сен чиви емессің бе?" деп танып, кейбірі қолдап да жатады екен.
"Ақша үшін жүрген бала" фильмінің сценарисі - Бексұлтан Салыбек. Ол КВН-ойыншысы. Оның сөзінше, бұл видео әуеліде тарап кетеді деген ниет болған екен.
"Бұл фильмнің бюджеті негізінен өте қарапайым, көрініп тұрған шығар. Шамамен 10-15 мың теңге түсірілген. Ол тағы түскі астың, жолдың шығыны", - дейді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!