Желіде 2-сынып оқушысын мектепке дайындау қанша теңге тұратыны туралы видео тарап жатыр. Видеода әйел базарға барып, не алғанын және ол қанша теңгеге шыққанын айтады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Оның сөзінше, базарға 100 мың теңге алып барған.
"Бүгін базарға бардық. 2-сыныпқа дайындалдық. Баға шамамен қанша және бәрі қаншаға шыққанын айтқым келіп тұр. Бір ұзын жең, бір қысқа жең екі көйлек алдым, кофта, костюм алдық, пиджак, жилет, шалбары бар. Мынау 19 мың, төрт мың бес жүз, мына үшеуі 16 мың, аяқкиім 8 мың, кроссовка 7 мың, спорт киімі 10 мың, сабақ құралы жеті мың бес жүз, сөмке 8 мың. Базарға 100 мың алып бардым, 16 мың теңге қалды. Сұмдық. 3-4 баласы болса, қанша шығады? Баланы мектеп қалай дайындайды?", - дейді видеодағы әйел.
Видео ZTB Telegram-арнасында жарияланған.