- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- өзбекстан директор ұру
Желіде мектеп директорының оқушыларды ұрып жатқан видеосы тарады
Әлеуметтік желіде Өзбекстандағы Әндіжан облысы Алтынкөл ауданындағы №38 орта мектеп директорының балаларды ұрып-соғып жатқаны бейнеленген видео пайда болды. Бұл оқиға қоғамда резонанс тудырып, Балалар омбудсменінің назарына ілікті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ға сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша жағдай 8-сынып оқушысының сабақта пиротехникалық заттарды пайдаланғаннан кейін болған. Куәгерлердің айтуынша, директор "білім беру мақсатында" тағы бірнеше оқушыға физикалық күш көрсеткен.
Білім бөлімі мен аудандық ішкі істер бөлімінен құрылған жұмыс тобы мән-жайды анықтап жатыр. Ресми бөлімдер зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол берілмейтінін және мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынаста этика нормаларының сақталуы керегін айтты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек