Желіде мас бала жайлы видео пайда болды. Ролик авторының айтуынша, бұл оқиға Шымкенттегі "Ақжол" кафесінде болған және бала алкогольдік ішімдік ішкен, − деп хабарлайды "Отырар".
Видеодан баланың екі аяғын тең баса алмай билеп жатқанын және оны кейін ересектер сыртқа алып кеткенін анық көруге болады.
Еске салайық, бұған дейінде осыған ұқсас оқиға Астана қаласында да болған еді. Астана полицейлері өз қыздарына "арақ ішуді" үйреткен ер адамды тауып, істің мән-жайын түсінуге тырысқан.
"Ер адам үйде отырып балаларымен қалжыңдасу мақсатында видеоролик түсіргісі келгенін айтты. Ол арақтың бос шынысын тауып алып, оған "Сарыағаш" минералды суын құйып, балаларына құйып бергенін жеткізді. Видеоролик қызық үшін түсірілген", − деді ІІД қызметкерлері.
Дереккөз: tengrinews