Instagram-да Маңғыстау облысы полиция қызметкерінің әрекетінен зардап шеккен адам туралы ақпарат пайда болды. Желіде тараған ақпаратта "полицей жәбірленушінің" ақшасын заңсыз иемденгені айтылады. Аймақтың Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Жәбірленуші "полиция қызметкері" одан ірі көлемде ақша алғанын айтады.
Аймақтың Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.
"Бұл азамат Маңғыстау облысының полиция қызметкері емес. Сондай-ақ, полицияға ешкім арыз жазған жоқ. Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін еске салғымыз келеді", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!