Желіде Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны туралы фейк тарады

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Facebook желісінде "Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны" туралы жалған ақпарат тарағанын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Орталық мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

"Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Шекара қызметі және Қорғаныс министрлігі орталыққа ұсынған ақпаратқа сәйкес әскери қызметші қаза тапқаны туралы мәлімет расталмады", - деп жазылған хабарламада.

Сурет: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы 

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желі қолданушыларын ресми дереккөзге сілтемесі жоқ ақпаратқа сенбеуге шақырды.

Мұндай ақпарат тарату Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!