Желіде Маңғыстау облысында қаңырап қалған ауылдың видеосы тарады

Әлеуметтік желідегі жергілікті парақшалардың бірінде Маңғыстау облысында қаңырап қалған ауылдың видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрлардан ауыл Каспий теңізінің жағасында орналасқаны, ал үйлердің тоз-тозы шыққаны көрінеді. 

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл ауылдың атауына қатысты түрлі болжам айтқан. Қалың көпшілік бұл ауыл бірнеше жыл бұрын балықшылар мекені болғанын жазған.

"Қараған. Тамшалыға барар жолда қаңырап қалған балықшылар ауылы", "Қандай қорқынышты көрініс. Біздің Маңғыстау дегенге сенбей отырсам", "Түпқараған ауданы, қазіргі Тамшалы, ауылдың бұрынғы аты - Қараған, Босаған", "Балық совхозы", "Жындардың қаласы болып кеткен шығар мына жер, қорқынышты екен", "Ақсу емес пе, Темір баба жақта", - деп түрлі пікір жазған желідегілер.

Ауылдардың жайы туралы

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс мінберінде депутат Ринат Зайытов жабылып қалған ауылдардың тағдыры туралы сөз қозғады. Депутаттың сөзінше, кейінгі 5 жылда ШҚО-да 350 ауыл, СҚО-да 635, Павлодар облысы бойынша 352 ауыл бос қалған. 2024 жылдың өзінде СҚО-да 141 ауыл мәртебесінен айырылған.

Анықтама: 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда 6208 ауылдық елді мекен бар.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз