- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Желіде Маңғыстау облысында...
Желіде Маңғыстау облысында әйел соққыға жығылған видео тарады
Фото:
видеодан кадр
Әлеуметтік желілерде ер адам әйелді ұрып-соғып жатқаны көрінетін видео пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Видео Instagram-дағы 112 парақшасында жарияланды. Парақша мәліметіне сүйенсек, оқиға Мұнайлы ауданында болған.
Кадрлардан оқиға ойын алаңында болғанын көруге болады. Әйелдің жанында бала ойнап жүр. Ал ер адам әйелге жақындап, жұдырықпен ұрып жібереді. Содан кейін ол әйелді итеріп жібереді. Ал жәбірленуші жерге құлап түскен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аймақтың Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова