- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Желіде мәһрге қымбат...
Желіде мәһрге қымбат сыйлық сұраған келіншек қызу талқыға түсті
Желіде орамал таққан жас қалыңдық күйеуінен мәһрге бағасы бір миллион тұратын IPhone 13 телефон сұрағаны түсірілген видео қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
Видеода жігіт молданың алдында әйеліне қымбат телефонды сыйлауға уәде бергені, молда уәде қанша уақыттан кейін орындалатынын сұрағанда, жігіт үндемей қалғаны көрсетілген.
"Қазақтарда енді жаңа мода басталады. "Түйе сұрасаң, бие береді" деген қағиданы біледі екен мына қыз. Сызылып, бірақ нық айтты ғой ойындағысын. Үйленетін жігіттер, қамданыңдар, қалталарың толы болсын", - деді видеоның авторы.
Желі қолданушылары да түрлі пікір жазды.
Г. Досымшалова"Мына қыз күйеуінің айфон 13 әперетін жағдайы бар ма, жоқ па басын ауыртпады ғой. Оның бағасы арзан емес, миллионға жуық. Мәһр сұрау міндетті болса, шын көңілден сыйлаған кез келген сыйлық болады ғой. Шамасы келіп тұрса, әйелінен ақша аямасы анық қой. Осы жас қыздар пысық", "Төрт əйел аламын деп жүргендерден əйелдердің әрқайсы бір-бір су жаңа мерседес сұрасын мәһрға. Ойлап жүр-ау, оңай болады деп", "Жұрттың алдында өз болашақ жарын ыңғайсыз жағдайға қалдырып тұр. Бұл телефон екеуінің арасындағы ғана əңгіме жария болмауы керек еді", - деді желі қолданушылар.