Әлеуметтік желіде қызға шабуыл жасалған сәт көрінетін жантүршігерлік кадрлар тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеоны НеМолчиKZ қоры жариялады. Қорға қызға пышақпен ер адам шабуыл жасағаны жөнінде шағым түскен.
"Ол қыздың бұрынғы жігіті болуы мүмкін. Бірнеше пышақ жарақатын салған, соның ішінде біреуі ауыр. Баспалдақтың астында жасырынып, оны күтіп тұрғанына назар аударыңыздар. Қыз танымал супермаркеттердің бірінде жұмыс істейді. Қазір ол жансақтауда жатыр", - деп жазылған мәліметте.
Қор Атырау облыстық Полиция департаментінен осы іске қатысты пікір білдіруді сұраған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!