Желіде қыздарға арналған әжетхананың суреті дау тудырды

Желіде қыздарға арналған әжетхананың суреті дау тудырды
Фото: Видео кадры

Желіде Ақтөбедегі мектептердің біріндегі жөнделген әжетхананың суреті жарияланды. Жазбада қыздарға арналған әжетхананың есігі жоғы, ал әжетхананы жөндеуге қыруар қаражат жұмсалғаны айтылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мектеп әкімшілігі бұл ақпаратты жоққа шығарып, пікір білдірді. Олардың айтуынша, бұл - әлі бітпеген әжетхананың суреті

"№2 мектепте орын тапшылығын шешу үшін 280 орынға арналға оқу корпусы салынды. Қазір нысанды пайдалануға беру актісіне қол қойылып, ғимаратты білім беру мекемесінің балансына беру рәсімі жүргізіліп жатыр. Ғимарат нақтылау және техникалық қабылдаудың соңғы кезеңдерінен өтіп жатыр. Мердігер барлық қажетті жұмыс пен ескертуді қарап, дәретхана есіктерін орнатады. Жұмыстардың орындалуын бақылау белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады", - делінген жауапта. 

Сондай-ақ олар БАҚ-та тараған суреттегі нысан мектепке берілмегенін айтты. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек