Желіде Қырым көпіріндегі жарылыстың спутниктен түсірілген суреттері жарияланды

Желіде Қырым көпіріндегі жарылыстың спутниктен түсірілген суреттері жарияланды

Америкалық Maxar Technologies және Planet Labs компаниялары Twitter-дегі парақшаларында 8 қазанда таңертең Қырым көпірінде болған жарылыс пен өрттің спутниктен түсірілген суреттерін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Суреттерде көпірдегі апаттан келген шығын анық көрсетілген. Керчь бұғазы арқылы созылып жатқан көпірде жанып жатқан цистерналардан шыққан түтін мен қираған көпір аралығы да көрінеді.

Еске салайық, 8 қазанда Қырым көпірінде жүк көлігі жарылып, салдарынан пойыздың жеті жанармай цистернасы өртенген болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова