- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Желіде күйеуінің туған...
Желіде күйеуінің туған күніне тоқал сыйлаған әйелдің іс-әрекеті қызу талқыға түсті
Әлеуметтік желіде күйеуінің туған күнінде жолдасына тоқал сыйлаған ақтөбелік әйелдің іс-әрекеті қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеодан ер адамның алғашында бұл жаңалыққа сенбей, әзіл ретінде қабылдап, бейнежазбаға түсірмеуді сұрағанын көруге болады. Алайда кейіннен мұның рас екенін түсінген ер адам тіпті қуанып қалды.
View this post on Instagram
Желі қолданушылары ақтөбелік әйелдің мұндай сыйлығына қатысты түрлі пікір қалдырған.
"Әже, ана, қызы, әпке құндылығын жоғалтып, тауарға айналды. Алла тағала бізді кешірсін", "Дастархан басында тек жастар. Елімізде қыз-келіншектерге арналған білім беру психологиялық курстары шұғыл қажет. Бұл әзіл болса да, дұрыс емес", "Хочу тебе подарить, о котором ты давно мечтал дей ма?" Ал әзілдесіңдер енді. Жеңіл әзіл қайда әкеп соғады міне нәтижесі. Адамды сыйлық дегені енді ......құнын түсірдім деп ойланбағаны ма? Масқара не болып барады мына жастар?", "Кешіріңіздер, бірақ бұл сандырақ", "Тренд болып кетті ма не? Бір біріне адам сыйлағаны несі?", - деп жазған Желі қолданушылары.
Еске салайық, бұған дейін Желіде тойда торттың орнына қымыз ұсынғандардың видеосы қызу талқыға түскен еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ауылға баратын дәрігерлерге қанша ақша беріледі?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә