Әлеуметтік желіде оқушылардың бірі екіншісін буындырып жатқаны көрінетін видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео Семейдегі Шоқан Уәлиханов атындағы "Жас Ұлан" мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты аумағында түсірілген. Желі қолданушылары бұл видеоға наразылық білдіріп, түрлі пікір жазып жатыр.
Абай облысы Білім басқармасы мәліметінше, видео 2023 жылы түсірілгені анықталған.
"Әлеуметтік желілерде оқушылардың бірі сыныптасына орынсыз әрекет көрсеткен ескі видео тарап жатыр. Бұл жағдайды сол уақытта мектеп мұғалімдері дереу қарап, түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Екі оқушы да 2025 жылы оқуын аяқтады. Лицей әкімшілігі тәрбиеленушілердің өзара қарым-қатынасына үнемі бақылау жүргізеді", - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз