- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Желіде ҚТЖ экс-басшысы...
Желіде ҚТЖ экс-басшысы Мыңбаевтың мүгедектер арбасында отырған суреті тарады
Желіде ҚТЖ экс-басшысы Сауат Мыңбаевтың қызының тойынан суреттер тарады. Суретте ҚТЖ экс-басшысы мүгедектер арбасында отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ақпарат Telegram-арналардың бірінде пайда болды.
Әлеуметтік желіде Сауат Мыңбаевтың қызының тойынан суреттер тарады. Желідегі ақпарат бойынша, той айдың басында болған. ҚТЖ экс-басшысының қызы үнді кәсіпкерінің ұлына тұрмысқа шыққан. Той Түркияның Измир қаласында өткен.
Суреттен ҚТЖ бұрынғы басшысы Сауат Мыңбаев мүгедектер арбасында отырғанын байқауға болады.
Айта кетейік, 2021 жылғы 23 қаңтарда ҚТЖ баспасөз қызметі өкілдері ол спортпен шұғылданып жатқанда жарақат алып, емделіп жатқанын хабарлаған болатын.
Бұған қатысты GR Consulting Group ЖШС-ның басқарма директоры Ербол Еділовтің Telegram-арнасында да ақпарат пайда болды.
"Кейбір ақпарат көздері мамырдың басында Түркияда Сауат Мыңбаевтың қызы мен танымал үнділік кәсіпкердің ұлының үйлену тойы өткенін хабарлайды. Бұл 60 жастағы Сауат Мыңбаевтың 2021 жылдың басында ҚТЖ басшысы қызметінен кеткеннен кейін алғаш рет халық алдына шығуы", - делінген арнада.
Еске салайық, Сауат Мыңбаев 1962 жылы 19 қарашада бұрынғы Талдықорған ауданы Үш-Арал (Үшарал) ауылында дүниеге келген. Ол қаржы министрінің орынбасары, қаржы министрі, ауыл шаруашылығы министрі, премьер-министрдің орынбасары қызметтерін атқарған.
Сонымен қатар, Мыңбаев индустрия және сауда министрі, энергетика және минералдық ресурстар министрі, мұнай және газ министрі қызметтерін атқарған. 2013-2018 жылдары "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек