Air China әуекомпаниясының ұшағы қозғалтқышынан өрт шықты. Оқиға Сингапурға қонар алдында болған. Жолаушыларды эвакуациялау сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.
Global Times мәліметінше, оқиға 10 қыркүйекте Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясынан Сингапурға ұшқан рейс кезінде болған. Бортта 146 жолаушы мен тоғыз экипаж мүшесі болған.
Ұшақ Чанги әуежайына қонған кезде бортта түтін пайда болғаны атап өтілді. Қонғаннан кейін жолаушылар эвакуацияланған, тоғыз адам жеңіл жарақат алды.
Сол жақ қозғалтқыштағы өрт сөндірілгені белгілі болды. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!