Қазнетте жылап тұрған бала туралы ескі фейк тағы да тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Тараған ақпаратта далада қолына мекен жайы жазылған қағаз ұстап, жылап тұратын балалар туралы айтылады. Желі қолданушыларының сөзінше, олар жалғызбасты қыздар мен әйелдерден үйге жеткізіп салуын сұрайды, ал шын мәнінде оларды қылмыскерлер мен зорлаушылардың ұясына апарады.
"Бұл - интернетте тараған ескі қорқынышты әңгіме", - делінген басылым мәліметінде.
Көшеде жылап тұрған балалар қыздарды қаскүнемдерге ертіп апаратыны туралы хабарламалар алғаш рет 2005 жылдың басында шетелде тараған еді, яғни 18 жылдан аса уақыт бұрын шыққан.
2015 жылы бұл хабарлама Ресей мен Қазақстанға жетті. Екі елдің Ішкі істер министрліктері ақпарат фейк екенін және мұндай жағдайлар ешбір жерде тіркелмегенін хабарлады.
2017 және 2021 жылдары хабарламаны ресейлік желі қолданушылары қайта тарата бастады. Оны ІІМ тағы да жоққа шығарды.
Басылым мәліметінше, бұл жолғы ақпаратқа да сенудің қажеті жоқ.
Тағы да оқи отырыңыздар: Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!