Желіде қорқынышты хабар тарады: полиция пікір білдірді

Желіде қорқынышты хабар тарады: полиция пікір білдірді
Фото: depositphotos.com

Әлеуметтік желіледе қорқынышты хабар тарады. Осыған байланысты полиция мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мессенджерлер мен чаттарда мектептерде террорлық актілер дайындалып жатқаны туралы жалған ақпарат тарап жатыр. Бұл мәліметтер шындыққа жанаспайды және халық арасында үрей мен алаңдаушылық туғызуға бағытталған", - деді ІІМ өкілдері.

Полиция департаменті азаматтарды сабыр сақтауға, арандатушылыққа берілмеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Сонымен қатар,  ІІМ өкілдері терактілер туралы көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұндай әрекет үшін 18 миллион теңгеге дейін айыппұл салу немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget