Желіде қолына гүл ұстап, көшеде жалаңаш жүрген жігіттің видеосы тарады. Тұрғынға психикалық ауытқу диагнозы қойылып, ауруханаға жіберілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Nova24.uz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде қолына гүл ұстаған жалаңаш жігіттің көшеде жүрген видеосы тарады. Оқиға 4 тамызда Ташкенттің Юнусабад ауданында болған. Көшеде жалаңаш жүрген жігіт басқа адамдардың наразылығын тудырған. Оның соңынан еріп, тоқтатпақ болғандар да көрінеді.
Видеоға қатысты МІІБ пікір білдірді. Видео кейіпкері психиатрға тексеруге жіберілген. Сараптама нәтижесінде оған психикалық ауытқу диагнозы қойылып, қалалық психиатриялық ауруханаға жіберілген.
Қазіргі уақытта бұл факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!