- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Желіде Көлсай мен...
Желіде Көлсай мен Қайыңды іргесіндегі ауылға лай су ағып жатқан видео тарады
Алматы облысында жаңбыр суы Көлсай мен Қайыңды көлдеріне жақын орналасқан Саты ауылына жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға орнынан түсірілген видеолар әлеуметтік желіде тарап жатыр. Кадрлардан лай су ағыны жолдың арғы бетіне асып, ауыл тұрғындарының үйлеріне ағып жатқанын көруге болады.
Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін облыс әкімдігіне жүгінген. Баспасөз қызметі мәліметінше, 5 шілдеде жауын-шашын салдарынан еңіс су ағыны жиналған. Ол Бахар ауылдық округі аумағындағы суды тарату шлюзі аймағындағы Нижнечунджинский каналынан асып кеткен.
"Арна сыйымдылығы келіп жатқан су ағынына шыдай алмай, нәтижесінде науалар суға толып, жақын маңдағы егістік алқаптар су астында қалды.
Су жерге сіңіп кетті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Салдарын жоюға Төтенше жағдайлар департаментінің екі қызметкері мен арнайы техника, сондай-ақ әкімдіктің екі қызметкері мен бір техника, сондай-ақ "Қазводхоз" бір қызметкері мен бір техника шықты", - деп хабарлады облыс әкімдігі.
Нижнечунджинский суару каналы Бахар ауылдық округіндегі 3,5 мың гектардан аса егістік алқапты суарады.
"7 шілдеде таңертең Нижнечунджинский суару каналында жағдай тұрақты. Су деңгейі қалыпты деңгейде. Канал "Қазводхоздың" балансында", - деп қосты шенеуніктер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан