Желі қолданушылары Кеңес Одағында электрмобильдер сәтті құрастырылған деп жазып жатыр. Жоба жеті жыл бойы іске асырылып, Иосиф Сталин қайтыс болғаннан кейін "күштеп" жабылған деген жалған ақпарат тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Хабарламада НАМИ-750 және НАМИ-751 автомобильдері туралы айтылған. Бұл - екі тұрақты ток электр қозғалтқышымен жұмыс істейтін вагон түріндегі фургондар.
Олар 1948 жылы ғылыми автомоторлық институтта шығарыла бастады. Тәжірибелі үлгілер сенімді ақтады.
1951 жылы ЛАЗ зауыты осындай электрмобильдердің алғашқы партиясын шығарды. Алғашында 20 машина шықты. Осы зауыт та, өзгелері де басқа партияларды шығарған жоқ. Мұндай көліктің есептік құны өте жоғары болды.
Екінші себебі - қорғасын тапшылығы.
Иосиф Сталиннің қайтыс болуы мен электромобильдер шығарудың тоқтатылуының арасында ешқандай байланыс жоқ.
Демек, КСРО-да электромобильдер шығарылғаны рас, бірақ жоба сәтті болған жоқ. Яғни, таралған ақпарат жалған және тарихи деректерді манипуляциялайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!