- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Желіде келіншегіне екінші...
Желіде келіншегіне екінші күйеу "сыйлаған" ер адамның іс-әрекеті қызу талқыға түсті
Фото:
Видеодан алынған кадр
Әлеуметтік желіде ер адамның келіншегіне екінші күйеу сыйлаған видеосы қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеоны qazaqstanda есімді қолданушы жариялаған. Бейнежазбада ер адам әйеліне арналған сыйлық қорабын ашып, ішінен басқа бір ер адамды шығарады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары бейнежазбаны қызу талқылап, жарыса пікір жазған. "Әйелін қызғанбаған еркек жәннаттың исінде искей алмайды деген хадисте", "малдан айырмашылығың қалмапты ғой", "мынау не масқара,осындайларды жауапқа тарту керек", "бұл қылықтарын қолдамаймын", "құтылудың амалы сияқты", "өтірік түсірілім болар", "осындай ой салғандарға айыппұл төлету керек" жазды олар.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы