Желіде Қазақстан Ресейге көмек көрсету үшін әскери техника жібереді деген фейк тарады, - деп хабарлайды Stopfake.kz.
ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жарияланған видеода 26 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қазақстан аумағында өткен ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің қатысуымен өткен бірлескен оқу-жаттығулардан қайтып бара жатқан әскери техника көрсетілген.
"8-15 қазан аралығында Қазақстан аумағы бойынша әскери эшелондар тұрақты орналасқан пункттеріне қайтады. Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы Қарулы күштерінің әскери контингенттері еліміздің аумағы бойынша "ҚТЖ" ҰК" АҚ-мен бұрын келісілген эшелондар қозғалысының кестесі бойынша екі бағытта: оңтүстіктен шығысқа және батысқа қарай қозғалады", - делінген Министрліктің сайтында жарияланған ресми ақпаратта.
Демек, таралған ақпарат жалған. Видеодағы техника Ресей Федерациясына бара жатқан жоқ, ол оқу-жаттығудан қайтып келеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!