- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Желіде Қазақстан мен...
Желіде Қазақстан мен Беларусь әскери білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты тоқтатады деген ақпарат тарады
Фото:
stopfake.kz
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Қазақстан мен Беларусь әскери білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты тоқтататыны туралы құжаттың суреті тарады, - деп хабарлайды Stopfake.kz.
Бұл ақпаратты Қазақстан Қорғаныс министрлігі жоққа шығарды.
"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралған Беларусь Республикасымен әскери білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты тоқтату туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі уақытта факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, материалдар АЕК-те (ақпаратты есепке алу кітабында) тіркелді", - деді ведомство өкілдері.
Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігі тек ресми деректерге ғана сенуге және жалған ақпарат таратпауға шақырды.
Д. Шәріпхан