Instagram әлеуметтік желісінде "Қазақстан кітапханасында" бос жұмыс орындар бары жазылған хабарландыру тарады. Онда кітаптарды қайта басып шыққаны үшін күніне 9 мың теңге төленетіні айтылған. Алайда бұл - жалған ақпарат, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Мәтін терушілерді қашықтан жұмысқа қабылдау туралы осындай хабарлама 2023 жылдың басында Қазнетте тараған болатын. Видеода әйел қолайлы жағдай мен көп табыс табуға болатын жұмыс туралы айтқан. Шын мәнінде ол - күмәнді құрылыс жобаларына ақша салуға, белгісіз жерлерге жұмысқа орналасуға шақырған актриса.
Бір қызығы, сол кезде де, қазір де "Қазақстан кітапханасы" ұйымы жұмыс ұсынып отыр.
Елімізде мұндай кітапхана жоқ. Яғни, онда жұмысқа орналасу мүмкін емес.
Сонымен қатар, бос жұмыс орындарын ұсыну схемалары бұрыннан бар, олар Желіде жақсы сипатталған. Әдетте алаяқтар "өтініш берушіден" бірнеше тапсырманы орындауды және көрсетілген шотқа "кепіл" ретінде аз мөлшерде ақша аударуды сұрайды. Оны төлегеннен кейін теріп шыққан мәтіндер үшін қаламақы бірден төленеді деп сендіреді. Ал "кепіл" төленгеннен кейін алаяқтар жәбірленушімен байланысты тоқтатады және "жұмыс" басталмай тұрып аяқталады.
Мұның бәрі мәтін терушілерді жұмысқа қабылдау туралы хабарландыру жалған екенін және оған сенуге болмайтынын көрсетеді. Бұл - Желідегі кибер алаяқтардың ісі.
Тағы да оқи отырыңыздар: Микротолқынды пеш зиянды ма?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!