Желіде Жұлдыз Абдукаримованың жаңа шаш үлгісі жұртқа жақпай қалды

Танымал актриса Жұлдыз Абдукаримова Instagram-парақшасында жаңа образын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Суретте өнер иесінің шашы сары әрі бұйра болып тұр. Желі қолданушылары актрисаның жаңа образын қызу талқылап жатыр. Біреуіне бұл шаш үлгісі ұнаса, енді бірі қара шаш жарасатынын алға тартады.

Абдукаримованың оқырмандары мұндай өзгеріске бірден барғанына таңғалып, пікір қалдырған. 

"Жараспайды екен мына шашың", "Қара шашың әдемі", "Қалай ұзын боп кеткен? Шаш жалғадың ба, әлде парик па", "Біздің көз үйренбеген ғой", "Бұл жай ғана кинодағы образы шығар", - деп жазған желі қолданулышар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!