Желіде КамАЗ-ға итті байлап, сүйреп бара жатқандардың видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеодан көліктегілер жануарды әбден қинағанын байқауға болады. Тіпті жүре алмай қалған итті асфальт үстімен сүйреп жүргенін де көруге болады. Видео авторының мәлімдеуінше, бұл жағдай Алматы облысы, Талғар ауданындағы Еркін ауылында болған.
Полицейлер аталған құқықбұзушылық Талғар аудандық полиция бөлімінде тіркелгенін мәлімдеді.
"Құқықбұзушылық Талғар ауданы полиция бөлімінде тіркелді. Тексеру аталған бөлімшенің қызметкерлеріне тапсырылды. Құқық бұзушыны міндетті түрде анықтап, шара қолданамыз", - деді Алматы облысы Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!