- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Желіде "жұбын таба...
Желіде "жұбын таба алмау - мүгедектік" деп саналатыны туралы ақпарат тарады
Желі қолданушылары арасында "Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жұбын таба алмау енді мүгедектік болып саналады деп жариялағаны" туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл - 2016 жылы тараған ескі фейк, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
ДДСҰ жұбын таба алмаған адамдарды мүгедек деп жариялау туралы шешім қабылдағаны туралы 2016 жылы да жазылған еді. Мұндай шешім "бедеулік" сөзінің анықтамасын өзгерту аясында қабылданған екен. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі мәліметтерге сәйкес, ДДСҰ пікірінше, бір жыл ішінде бала көтере алмау енді ауру ретінде саналмайды әрі мүгедектікке жатқызылады.
2016 жылы осындай жаңалықтар жарияланғаннан кейін ДДСҰ "бедеулік" сөзінің анықтамасын өзгертпейтінін және жалғызбасты адамдарды мүгедек деп санамайтынын айтып, қауесетті жоққа шығарды. Мұндай мәтіні бар хабарламалар ұйымның сайтында да, оның ресми Twitter-парақшасында да жарияланды.
Алайда бұл фейктің таралуына кедергі болмады. Ақпарат 2019 жылы желіде қайта тарала бастады. Оны AFP және AfricaCheck сияқты порталдар да жоққа шығарды.
2020 жылы бұл хабарлама АҚШ-та көп тарады. Ол кезде "ДДСҰ жалғызбасты адамдарды мүгедек деп санамайтыны" туралы Reuters порталы да жазды.
Бүгінде ДДСҰ сайтындағы "бедеулік" сөзінің анықтамасында жұбын таппаған адамдар мүгедектіктің қандай да бір тобына жатқызылатыны туралы жазылмаған. Бедеуліктің өзі әлі де болса мүгедектік ретінде емес, ауру деп саналады. "ДДСҰ жұбын таппаған адамдарды мүгедек деп танитыны" туралы ақпарат - фейк.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова