- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Желіде жерасты бункерінің...
Желіде жерасты бункерінің видеосы тарады
Әлеуметтік желілерде ерекше бөлменің видеосы тарады. Кадрда қабырғалары жоқ, жарықтандырылған және бағаналары бар үлкен кеңістік көрсетілген. Видео авторы АҚШ-тың Миссури штатындағы жартастарда ойылған қойма бөлмесі екенін айтады. Сондай-ақ, ол кеңістік жылыту, желдету, жарықтандыру және сумен жабдықталғанын, тіпті ішінде кеңселер бар екенін жеткізеді. Бұдан бөлек, оның пікірінше, бұл жер - бункер, яғни соғыс немесе табиғи апаттар кезінде сыртқы қауіптерден қорғану үшін салынған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілердегі видеоның жазбасында бұл мәжбүрлі тұруға арналған жерасты қаласы, яғни бункер деп жазылған. Онда "лайық адамдар ғана" тұра алады екен.
Видеода бункер деп аталған орын-жай, шын мәнінде, бұрынғы әктас шахтасы. АҚШ-та мұндай шахталар өте көп және олардың барлығы негізінен Орта Батыста орналасқан.
Бұл көлденең шахталар 19 ғасырда әктас өндіру үшін салынған. Ол кезде тау жыныстары ашық емес, камералық-бағаналы әдіспен өндірілетін. Яғни, өндіру барысында шахталарда шығарылмаған әктастан жасалған тіректермен бөлінген бос орындар қалып отырған. Жұмыс аяқталып, кен орындары жабылған соң шахталарда едені мен төбесі тегіс, сондай-ақ, жарықтандырылған кеңістіктер қалды.
1960 жылдары әктас шахталары аумағы үлкен дайын бос орындар болғандықтан, қоймалар мен кеңселер сияқты коммерциялық нысандар ретінде қолданыла бастады. Мысалы, Миссури штатының Канзас-Сити қаласындағы Субтрополис кенішінің ауданы шамамен 6 миллион шаршы метрд болады. Дегенмен бұрынғы әктас кеніштерінің көбі осы күнге дейін игерілмеген қалпында қалып отыр.
Демек, видеода таңдаулыларға арналған бункер түсірілген деген пікір шындыққа жанаспайды. Видео авторы қазіргі кезде қойма ретінде пайдаланылатын бұрынғы әктас шахталарының бірін түсірген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова