Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол қала көшелерінің бірінде дрифт жасап, өз әрекетін әлеуметтік желіде жариялау мақсатында қауіпті маневрлер орындаған. Бұл әрекет жол апатына әкеп соғуы мүмкін еді.
Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде құқықбұзушылық дер кезінде тоқтатылған.
"Жүргізушінің көлігі арнайы айып тұрағына қойылып, өзі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 5 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды", - деді Алматы қаласы ПД Медеу аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Айдар Нағашыбеков.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова