Желіде Жаңаөзенді су басу қаупі бар деген жалған ақпарат тарады , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маңғыстау облысының аумағында, нақты айтқанда Жаңаөзен қаласында су басу қаупі бар және оған құзырлы органдары дайындық жүргізіп жатыр деген ақпаратқа сенбеуіңізді сұраймыз. Бұл - жалған ақпарат. Мұндай жалған ақпараттарға сеніп, үрейленіп, дүрбелең туғызбаңыздар. Маңғыстау облысының ресми өкілдерінің ақпаратына ғана сеніңіздер", - дейді Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Жайнат Әуесбаев.
Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұртты дүрбелеңге салатын жалған ақпарат таратпау керегін ескерткен болатын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуі жарияланды. Су тасқынына байланысты еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды, яғни Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!