Желіде жалған ақпарат таратқан алаяқ сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кінәлі азаматша Коlesа.kz қосымшасында автокөлік бөлшектерін сату туралы жалған хабарландырулар жариялаған.
Ол жәбірленушілерге автокөліктердің қосалқы бөлшектерін әртүрлі қалаларға жіберуге уәде беріп, қылмыстық ниеттерін жасыру мақсатында оларға банктік деректемелер мен жалған сатып-алу шарттарын жіберіп, ақша қаражатын алғаннан кейін, телефон қоңырауларына жауап беруді тоқтатқан.
Осылайша, сотталған 32 азаматты алдап, олардың 4,8 млн теңгеден астам қаражатын иемделген.
Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеді.
Сот үкімімен оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сотталғаннан жәбірленушілердің пайдасына келтірілген материалдық залал өндірілді.
Үкім заңды күшіне енді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!