Әлеуметтік желіде жасөспірім мен ер адамның жалаңаш күйде карта ойнап отырған суреті тарады. Полиция департаменті өкілдері осы жайтқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сурет egov.press Telegram-арнасында жарияланған.
"Талдықорған қаласы. Бізге оқырманнан қыз небәрі 15 жаста, ал жігіт 25 жаста екені туралы ақпарат келді. Оған химиялық есірткі берілген екен. Автордың айтуынша, полиция істі қараған, бірақ кейін тоқтатылған", - делінген жазбада.
Талдықорған полицейлері суреттегі адамдарды анықтаған. Кәмелетке толмаған баладан анасы мен психологтың көзінше сұхбат алынған. Ведомство мәліметінше, сурет былтыр жазда түсірілген. Суреттегі 25 жастағы жігіт қалалық полицияға жеткізіліп, одан жауап алынған.
Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 133-бабы "Кәмелетке толмаған адамды қоғамға жат әрекеттер жасауға тарту" бойынша соталды тергеу басталған.
Сонымен қатар, кәмелетке толмаған баланың анасының арызы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабы "Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!