Желіде итке қатыгездік көрсеткен жасөспірімдердің видеосы тарады. Полиция қызметкерлері жануарға жауыздық көрсеткендерді анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл видео Instagram парақшалардың бірінде пайда болды. Онда балалар итті ұстап, оны жерге лақтырып, қатыгездік танытып жатыр.
Полиция мәліметінше, іздестірілу іс-шараларын жүргізу барысында кәмелетке толмаған үш жеткіншек анықталды.
"2007 жылы туған, 2008 жылы туған, 2009 жылы туған жасөспірімдердің ата-аналары ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127-бабы "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, кәмелет жасына толмаған балалармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!