Желіде Германияда жүрген Бауыржан Байбектің суреті тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Lübecker Nachrichten Online неміс басылымы Бауыржан Байбек түскен суретті жариялаған. Бұл биыл 14 ақпандағы сурет.
Басылым мәліметіне сүйенсек, Байбек жергілікті коммерциялық емес ұйым ұйымдастырған кешке қатысқан. Танымал музыканттың құрметіне салтанатты түрде ашу рәсімі болған. Ескерткіш пианист Эвелинда Тренкнердің құрметіне ашылған.
Фото: ln-online.de
Еске салайық, былтыр 2 ақпанда Бауыржан Байбек Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметінен кеткенін мәлімдеген болатын. Ол бұл қызметті 2019 жылдың маусымынан бері атқарған. Мемлекет басшысы Байбекке көп жылғы жұмысы үшін алғыс білдірді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!