- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Желіде Ердоғанның баскетбол...
Желіде Ердоғанның баскетбол ойнап жүрген видеосы тарады
Түркия парламентінің Өнеркәсіп, сауда, энергетика, табиғи ресурстар, ақпарат және технологиялар жөніндегі комиссиясының төрағасы Мұстафа Варанк әлеуметтік желіде баскетбол ойынының видеосын жариялады. Кадрларда ойынға Режеп Тайып Ердоған да қытысқаны көрінеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Анадолу" басылымына сілтеме жасап.
Түркия басшысы Анкарадағы президент әкімшілігі кешенінде депутаттармен баскетбол ойнаған. "Шынымен де кейде түсірілім үшін ойын сәтін жақсартамын", - деп жазды парламентарий видео астына.
Кадрларға қарағанда, 69 жастағы Ердоғанның физикалық жағдайы жаман емес. Бейнежазбада түрік көшбасшысының жеңіл жүгіріспен допты алып жүргені және оны себетке қалай лақтырғаны көрсетілген. Түркия басшысы саясатқа келмес бұрын жартылай кәсіпқой деңгейде футбол ойнағаны белгілі.
Ердоғанның баскетбол ойнаған видеосы түрік көшбасшысының денсаулығы нашарлап бара жатыр деген қауесеттерден кейін танымал бола бастаған. Маусымның басында журналист Джан Атакли Twitter-де дәрігерлер Ердоғанға жақын арада қандай да бір ота жасауға дайындалып жатқанын жазған, бірақ журналист диагнозды нақтыламаған. Бұл ақпаратты Түркия басшысының әкімшілігі ресми түрде жоққа шығарды.
Arada maçtan kaytarıp video çektiğim doğrudur... pic.twitter.com/hIXuZNEboG
— Mustafa Varank (@varank) June 30, 2023
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан