- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Желіде ер адамға...
Желіде ер адамға 10 мың АҚШ долларын берген Бағлан Әбдірайымов қызу талқыға түсті
Желіде танымал әнші Бағлан Әбдірайымовтың Instagram-парақшасына жариялаған видеосы қызу талқыға түсті. Видеодан әншінің ер адамға бір бума ақша бергенін көруге болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің айтуынша, кадрдағы ер адам оның жақында жарыққа шығатын фильміне қаржы бөлген инвестор.
"Ақша жүрген жерде қарыз бар…
Қаржы эксперті ретінде, @baglan_abdraimov_official Бағлан мырзаның 25-сәуір күні басталатын
“ZERO QARYZ” фильміне талдау жасап, өз бағамды бердім!Отбасыңызбен бірге келіп көруге кеңес беремін! Қарызыңыз болса тез құтылуға, болмаса ешқашан оған кірмеуге себеп болатын туынды болатынына сенімдімін!" - деп жазылған видео астына.
View this post on Instagram
Желі қолданушылары бұған түрлі пікір қалдырған. Олардың арасында "мұндай ақшаны бәріне берсеңші" дегендер де табылды.
"Қарызсыз өмір сүруді нәсіп етсін", "Кім қарыз болғысы келеді, амал жоқ қой кейде", "Бәрімізге берсеңші ақша, барамыз ғо киноңа", "Маған да берші", - деп жазған олар.
Тағы да оқи отырыңыздар: Әйелін ұрғандар қалай жазаланады?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә