Желіде белгісіз ер адам қызды аяусыз ұрып-соққан видео пайда болды. Полиция мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде белгісіз ер адам қызды қатыгездікпен ұрып-соғып, теуіп жатқаны көрінетін видео тарады. Кадрларда ер адам қызға ауыр соққы жасағаны байқалады. Ашуланған ер адамды әйелдің жағдайы да тоқтатпайды. Желі қолданушылары видеоға наразылық білдіріп, көптеген жағымсыз пікір қалдырды.
Алматы Полиция департаментінің мәліметінше, видеодағы жағдай Алматыда емес, Қытайда болған.
Тағы да оқи отырыңыздар: Киіт пен кәденің айырмашылығы неде?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!