Желіде елдімекендерде жарылғыш заттар шашылып жатқаны туралы фейк тарады

Желіде елдімекендерде жарылғыш заттар шашылып жатқаны туралы фейк тарады
Фото: stopfake.kz

Желіде елдімекендерде жарылғыш заттар шашылып жатқаны туралы фейк тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Олардың ішінде батареялардың орнына жарылғыш заттар бар екен. Пост авторларының айтуынша, шамды қосқан кезде жарылыс болады, сондықтан мұндай шамды көргенде оны теппеу керек және жерден көтермеген жөн. Stopfake.kz мәліметінше, бұл - жалған ақпарат.

Бұл фейк Ресейден келген, ал онда осы жылдың наурыз айының басынан бастап таралған. Фактілерді «Лапша медиа» порталы тексерген.  Жарылғыш құрылғылар Запорожье облысының Энергодар және Горловка қалаларында (ДХР) табылған. Аспаннан түскен қауіпті заттар туралы Горловка басшысы Иван Приходько хабарлаған.

 

Басқа аймақтар бойынша ақпарат расталған жоқ. Қауіпті шамдар туралы ақпарат көптеген өңірде жоққа шығарылды. Атап айтқанда, Ставрополь өлкесінің Георгиевск муниципалды округінің басшысы Андрей Зайцев өзінің Telegram арнасында бұл фейк деп жазған. Ленинград облысы мен Дағыстанда да қауесет жоққа шығарылды.

Дәл осы фейк Беларуссияда да таралды. Оны көптеген БАҚ, оның ішінде Витебск облыстық атқару комитетінің ІІБ Telegram-арнасы теріске шығарды.

Құқық қорғау органдарының өкілдері мұндай қауесеттерді таратушыларды «Беларуссияда мұндай шамдар жоқ деп адамдарды қорқытып, алдауды» тоқтатуға шақырды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина